Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – 2018 жылдың қортындысы бойынша, онлайн-сауда нарығының көлемі 1,5 есе өсіп, 269 млрд теңгені құрады (2017 жылы – 174 млрд теңге), деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
Сондай-ақ, өткен жылы әлемдік электрондық сауда нарығының көлемі 1,8 трлн долларды құрады. Бұл - әлемдік бөлшек саудадағы тауар айналымының 11,6%-і.
Министрдің айтуынша, 5 жыл ішінде әлемде электрондық сауда 1 трлн долларға ұлғаяды.
Жалпы, Қазақстанда 20 алаң (маркетплейс) жұмыс істейді. Бұл 1 млн-нан астам ШОБ субъектісінің тауарын сатуына мүмкіндік туғызуда.
«2018 жылдың қортындысы бойынша, онлайн-сауда нарығының көлемі 1,5 есе өсіп, 269 млрд теңгені құрады (2017 жылы – 174 млрд теңге). Электрондық сауда үлесі де 1,5 есе өсіп, 2,9%-ке тең болды (бұрын – 1,9%). Белсенді сауда жасаушылар саны 2 есе артып, 2,3 млн адамды құрады (бұрын – 1,3 млн адам). Нарықта 1 700-ден астам дербес интернет-дүкен жұмыс істеуде. Оның үштен біріне жуығы - салықтық жеңілдікке ие болғысы келетіндер (КТС және ЖТС-тен 100% босатылады», - деді Р. Дәленов.
Қазақстандағы электрондық сауда нарығы 68% тауар саудасынан және 32% көрсетілетін қызметтен құралған.
Руслан Дәленовтің айтуынша, құрылыс материалы, тұрмыстық техника, косметика, киім және аяқ киім зор сұранысқа ие. Ал көрсетілетін қызметтердің ішінде әуе және т/ж билетін сату, мәдени шаралар мен коммуналдық қызмет ақысы жоғары деңгейде.
Айта кетейік, қазіргі таңда кәсіпкерлердің 3 тобы электрондық сауда субъектісі ретінде танылған:
1. интернет-дүкендер – өз тауарын немесе қызметін ұсынатын сатушылар. Олардың саны 1700-ге жуық.
2. электрондық сауда алаңдары – басқа біреудің тауарын сату бойынша барлық қызмет түрін көрсететін делдалдар. Дәл осы алаңдар бүгінде ШОБ арасында жоғары сұранысқа ие болып отыр. Себебі ол өз сайтын құрудан үнемдеуге, қолма-қол төлемсіз жүйені, жеткізу қызметін енгізуге мүмкіндік береді.
3. ақпараттық-жарнамалық алаңдар – тауар жарнамалайтын пиар-қызметтер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024