Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшері белгіленді

2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшері белгіленді

Нұр-Сұлтан. 25 тамыз. 7kun.kz – ҚР Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын дайындады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оған сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы 60 000 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге (жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін);
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.

Сондай-ақ жасына қарай және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдерін 10,5%-ға арттыру жоспарлануда.

Әскери қызметшілерге (әскери қызметшілерді қоспағанда) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы мөлшері 3 739 теңгені құрайды.

МӘМС-ке төленетін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8%-ын құрайды.

Құжат «Ашық НҚА» ресми порталында қоғамдық талқылау үшін 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін орналастырылған.

Похожие материалы