Нұр-Сұлтан. 25 тамыз. 7kun.kz – ҚР Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын дайындады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оған сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- ең төменгі жалақы 60 000 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге (жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін);
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 21 907 теңге;
- ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.
Сондай-ақ жасына қарай және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдерін 10,5%-ға арттыру жоспарлануда.
Әскери қызметшілерге (әскери қызметшілерді қоспағанда) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы мөлшері 3 739 теңгені құрайды.
МӘМС-ке төленетін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8%-ын құрайды.
Құжат «Ашық НҚА» ресми порталында қоғамдық талқылау үшін 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін орналастырылған.