СҰРАҚ:
21 жастағы адамға бизнес бастау үшін кредит беріле ме?
Айбек, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Жауап:
21 жастағы адам жалпы талап бойынша кредит ала алады. Жасымен қатар несие тарихының таза болуы, зейнетақы аударымының, жұмысының болуы, басқа несиелерінің болмауы сияқты банктердегі стандартты талаптарға сәйкес кредит беріледі.
Бизнес кредит үшін де 21 жас талапқа сай жас болып саналады. Сонымен қатар кепілзатының болуы, бизнес жоспарының болуы сынды талаптары бар. Яғни банк талаптарына сай болса, кредит беріледі.
Құрметті оқырман! Егер банктерге (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы, жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 707 768 21 44 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024