Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

26-28 наурызға арналған ресми валюта бағамы

26-28 наурызға арналған ресми валюта бағамы

Қазақстан Ұлттық банкі сәрсенбі күні 26-28 наурызға арналған шетел валюталарына қатысты бағамды жариялады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған. 

АҚШ доллары —343,83 теңге, 1 еуро —383,95, ресей рублі — 5,06 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 486,42 теңге, жапон йені— 3,04 теңге, 1 қытай юаньы — 52,80 теңге, 1 қырғыз сомы —4,78 теңге, 100 өзбек сумы— 12,09 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада. АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 25 наурыздағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты бағамы 343,83 теңге деңгейінде нақтыланды. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы