Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айыппұлыңыздың көлемін ЖСН нөмері арқылы анықтауға болады

Айыппұлыңыздың көлемін ЖСН нөмері арқылы анықтауға болады
Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар жаңа жүйе арқылы хабарланатын болды. Бұл туралы Kolesa.kz жазды.  "Жаңа жүйенің алдыңғы жүйелерден артықшылығы автокөлікке салынған айыппұлды біліп ғана қоймай, басқа да өзіне салынған айыппұлдарды тексеруге мүмкіндік береді. Яғни, бұрын операторға автокөліктің нөмірін, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің сериясы мен нөмерін жірберуге мәжбүр болсаңыз, енді тек аты-жөніңіз бен ЖСН нөміріңізді  жіберсеңіз болғаны",- делінген хабарламада.  Айыппұл туралы ақпаратты алу үшін 5335 нөміріне "Аты-жөніңіз (кириллицамен) (бос орын қалдырып) ЖСН " тексті арқылы немесе бас әріптермен "көлігіңіздің мемлекеттік нөмірін (бос орын қалдырып) көлік құралын тіркеу туралы куәліктің сериясы мен нөмері" жазып жібересіз. Қызмет көрсету ақысы 40 теңге. Фото: smotra.ru

Похожие материалы