Экономика
2016 жылы қандай банкноттар айналымнан алынады?
Қазақстанда 2016 жылы 2 мың, 5 мың, 10 мың теңге купюраларының ескі үлгілері айналмнан шығады. Ал нақты қандай банкнот түрлері айналымда қалады? Бұл туралы Nur.kz жазады.
Сонымен, айналымнан келесі банкнот номиналдары шығарылады. Бірінші - 2006 жылы шығарылаған 2 мың теңге үлгісі:
Ал 2012 жылы шығарылған 2 мың теңге қолданыста қалады.
Сондай-ақ айналымда 2011 жылы шығарылған 2000 теңге қалуы керек. Бұл купюрада Қазақстанның Алматы және Астана қалаларында өткен Қысқы Азия ойындарын бейнелейтін шаңғышының суреті бар.
5-10 мың теңгелік банкноттар жайында. Ұлттық банктің 2013 жылғы 28 желтоқсанындағы баспасөз баяндамасында былай делінген: «2013 жылдың 25 желтоқсанында ҚР Ұлттық банк басқармасы 5 мың теңгенің 2006 және 2011 жылдардағы үлгілерін және 10 мың теңгенің 2006, 2012 жылдардағы үлгілерін қатар пайдалану мерзімін 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады ».
Ендеше, 2006, 2011 жылы шығарылған 5 мың теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады.
Теориялық тұрғыдан айналымда 5 мың теңгенің 2008 жылы шығарылған үлгісі қалады. Оның ерекшелігі 2006 жылғы банкнотқа ұқсас, тек сол жақ шетінде құс суреті бейнеленген.
Ал 10 мың теңгеге келетін болсақ, бұл банкноттың 2006, 2012 жылғы үлгілері шығарылмайды. Айта кетейік, 2012 жылғы 10 мыңдық банкноттың екі нұсқасы бар. Онда Г. Марченконың қолтаңбасымен және Қ. Келімбетовтың қолтаңбасы бар.
Сондай-ақ, 10 мыңдықтың 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып шығарылған үлгісі бар.
Сонымен бірге, егер естелік банкноттар қалса, қазақстандықтар барлық номиналдағы купюраларды пайдалана алады.
Айта кетейік, Ұлттық банк ережесіне сәйкес, купюралар ресми айналымнан шыққаннан кейін бір жыл ішінде барлық банктерде кабылдана береді. Яғни екінші деңгейлі банктерде ескі банкнот үлгілері қабылдануы міндетті.