Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үкімет мұнай бағасы 30 доллар болатын жағдай үшін арнайы жоспар әзірлемек

Үкімет мұнай бағасы 30 доллар болатын жағдай үшін арнайы жоспар әзірлемек

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика, Қаржы министрлігіне және Ұлттық банкке мұнай бағасы барреліне 30 доллар болған жағдайда экономиканы дамытудың жоспарын дайындауды тапсырды. Мұндай шешім республикалық комиссия отырысында қабылданды.

«Мемлекет басшысы мұнай бағасы барреліне 30 және 20 доллар болатын жағдай үшін жоспар дайындауға тапсырма бергенін білеміз. Біз макроэкономикалық жағдайға, ресей нарығы мен валюта нарығына және Brent мұнайының бағасы 30 доллар болатын жағдайға байланысты экономикалық даму жоспарын жандандыру туралы шешім қабылдадық", -  деді Кәрім Мәсімов. Айта кетейік, сейсенбі күні ICE биржасында Brent мұнай маркасының баррелі 41 доллардан сатылуда. Ал Қазақстанның 2016-2017 жылға арналған бюджеті мұнай бағасы 40 доллар болатын жағдай үшін есептелді.

Похожие материалы