"Теңізшевройл" ЖШС(ТШО) мұнай компаниясының бас директоры болып Тэд Этчисон тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
"Тэд Этчисон менің орныма "Теңізшевройлдың" бас директоры қызметін атқарады", - деді компанияның экс-басшысы Тим Миллер дүйсенбі күнгі Алматыда өткен баспасөз конференциясында. Т.Этчисонның айтуынша, ол аталған қызметті компания акционерлерінің шешімімен 2015 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді. Бұдан бұрын ол ТШО-ның өндіріс бойынша бас менеджері қызметін атқарған болатын. "Теңгізшевройл" Қазақстанның Атырау облысындағы Теңіз және Королевское орындарында мұнай-газ өндірумен айналысады. Компания 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. "Теңізшевройл" ЖШС құрамында Chevron (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%) компаниялары бар және , "ҚазМұнайГаз" (20%),ресей-америкалық LUKArco (5%) кәсіпорнымен бірігіп жұмыс атқарады. Фото: nb.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024