Экономика
Выбор редактора
Теңізшевройлдың бас директоры ауысты
"Теңізшевройл" ЖШС(ТШО) мұнай компаниясының бас директоры болып Тэд Этчисон тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
"Тэд Этчисон менің орныма "Теңізшевройлдың" бас директоры қызметін атқарады", - деді компанияның экс-басшысы Тим Миллер дүйсенбі күнгі Алматыда өткен баспасөз конференциясында.
Т.Этчисонның айтуынша, ол аталған қызметті компания акционерлерінің шешімімен 2015 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.
Бұдан бұрын ол ТШО-ның өндіріс бойынша бас менеджері қызметін атқарған болатын.
"Теңгізшевройл" Қазақстанның Атырау облысындағы Теңіз және Королевское орындарында мұнай-газ өндірумен айналысады. Компания 1993 жылдан бастап жұмыс істейді.
"Теңізшевройл" ЖШС құрамында Chevron (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%) компаниялары бар және , "ҚазМұнайГаз" (20%),ресей-америкалық LUKArco (5%) кәсіпорнымен бірігіп жұмыс атқарады.
Фото: nb.kz