Мұнай бағасы барреліне 35-37 доллар болғанда, теңге курсы 350-370 болуы қажет. Сондықтан алдағы уақытта ұлттық валюта әлі де төмендей түсуі мүмкін. "Қазақстан мен әлем экономикасына көзқарас" деген макроэкономикалық есепте BCC Invest сарапшылар осындай болжам жасады.
"Біздің ойымызша, Brent-тің орташа бағасы 2016 жылы 42-44 доллар аралығында болады. Мұндай бағада теңгенің долларға қатысты орташа курсы 295-315 болуы қажет",-деп атап өтеді мамандар. Мұнай Сарапшылардың сөзінше, АҚШ долларының нығаюы, мұнай өндірісінің көбеюі және қара алтын қорының ұлғаюы мұнай бағасының төмендеуіне негізгі себеп болады. "Қытай экономикасы өсімінің төмендеуі және Ираннан 2016 жылдан бастап санкциялардың алынуы мұнай бағасына қосымша қысым түсіреді. Біз 2016 жылдың тамызында Brent маркасы 35-37 доллардан сатылады деп күтудеміз. Біздің болжамымызша, келесі жылғы мұнайдың орташа бағасы 42-44 доллар болады",-деп жазылған есепте. Қазақстан экономикасы "2015 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстан ЖІӨ-нің шынайы өсімі жылдық есепте 1,0%-ды құрады. Жыл қорытындысы бойынша да ЖІӨ-нің шынайы өсімі осы деңгейде қалады. ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) Қазақстанның 2016 жылғы ЖІӨ өсімі 2,2% деп белгіледі. 2015 жылдың 9 айында Қазақстан экспорты жылдық есепте 42 пайызға төмендеді. 2016 жылы мұнай бағасы 40 доллар көлемінде сақталса, Қазақстан экспорты келесі жылы 40-45 млрд долларға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл 2009 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Өзге елдермен сауда айналымынан келетін түсім 60 пайызға немесе 19,1 млрд долларға төмендеді",-делінген есепте.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024