Экономика
3-5 желтоқсанға арналған ресми валюта курсы
Алматы. 26 қараша. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі жұма күні 3-5 желтоқсанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады, деп хабарлайды Қазақстанның қор биржасы.
АҚШ доллары — 335,71 теңге, 1 еуро — 357,36 теңге, Ресей рублі — 5,23 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 422,99 теңге, жапон йені— 2,95 теңге, 1 қытай юаньы — 48,76 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,86 теңге, 100 өзбек сумы— 10,67 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 2 желтоқсандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 335,71 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.