
Қазақстан Ұлттық банкі сейсенбі күні 30 наурызға арналған шетел валюталарына қатысты бағамды жариялады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған.
АҚШ доллары — 341,51 теңге, 1 еуро —382,35 теңге, ресей рублі — 4,96 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 486,48 теңге, жапон йені— 3,01 теңге, 1 қытай юаньы — 52,47 теңге, 1 қырғыз сомы —4,75 теңге, 100 өзбек сумы— 12,03 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 29 наурыздағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 340,51 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16:00-де белгіленді.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025