Экономика
Таңғы сессияда доллар бағамы 342 теңге болды
Қазақстан қор биржасының (KASE) 18 желтоқсандағы таңғы сессиясы кезінде доллардың орташа бағамы 341,94 теңгені құрады. Бұл туралы KASE сайтында жазылды.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 24 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға
341,94 (+4,14 теңге)
теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 137 500 мың АҚШ долларын (+10 250 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша сұраным бір юаньға
52,2285 теңгені (+0,6185 тенге) құрады, сауда-саттық көлемі – 650 мың юань (+350 мың юань).
АҚШ долларымен сауда кезінде минималды курс 333,01 теңге болды, максималды курс – 345,50 теңге, ал курс жабылу кезінде – 345,50 теңгені құрады.
KASE мәліметіне сәйкес, АҚШ долларымен болған сауда көлемі 18 желтоқсанда 137 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясы бойынша келісімдер саны - 69.
18 желтоқсан күнгі доллардың ресми орташа бағамы 337,80 теңге болды.
Фото: kapital.kz