Экономика
Таңғы сессия: доллар бағамы 331,59 теңге
Қазақстан қор биржасының (KASE) 23 желтоқсандағы таңғы сессиясы кезінде доллардың орташа курсы 331,59 теңге болды. Сейсенбі күнгі бағаммен салыстырғанда доллар 5,07 теңгеге арзандады. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, таңғы сессияда АҚШ долларының минималды курсы 327 теңге болды. Максималды курс — 337,50 теңге. Сессия жабылу кезінде доллар бағамы 329,70 теңгені құрады.
KASE мәліметі бойынша, долларға қатысты сауда көлемі — 176 млн 780 мың доллар. Валютамен жасалған келісімдер саны — 119.
23 желтоқсандағы доллардың ресми бағамы 336,66 теңгені құрайды. Ал 24 желтоқсанға арналған ресми бағам 331,59 теңге болады.