2015 жылы Қазақстан инвестиция бойынша 60 млрд доллар көлемінде халықаралық келісімдер жасады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.
Оның мәліметінше, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы 13 елге ресми сапармен (Ресей, Ұлыбритания, Франция, т.б.) барған. Сондай-ақ, Астана қаласында 23 мемлекет басшылары мен шетелдік ресми өкілдерді қабылдады. Осы жылы саясаткерлер мен әлемдік шенеуніктердің 70-ке жуығы Қазақстанға ресми сапармен келді.
"Шетелдік сапарлар мен Президенттің кездесулері кезінде экономикалық блок бойынша 2015 жылы 60 млрд-қа жуық келісімдер жасалды. Жасалған келісімдер саны - 300", - деді Е.Ыдырысов.
Министр ведомства мен дипломаттар үшін инвестицияның тартылуы күнделікті берілетін тапсырма болып табылатынын атап өтті. Қазақстанға "Тәуелсіздік жылдарында" 200 млрд доллардан аса жеке инвестициялар тартылған.
Фото: kaz.tengrinews.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024