Қаңтардың алғашқы аптасында Техастағы Хьюстон терминалында өндірілген 600 мың баррель мұнай американдық Enterprise Products компаниясына жіберіледі. Бұл АҚШ-тағы мұнай экспортына салынған тыйым алынғаннан кейінгі алғашқы келісім шарт болды деп жазады РБК.
"Біз АҚШ-тан мұнайды экспорттау туралы алғашқы келісім -шартымыз туралы хабарлауға қуаныштымыз. Біздің дерек бойынша, бұл шамамен 40 жылдағы Мексика шығанағынан алынған американдық мұнайдың бірінші экспорттық жөнелтілуі",- деді Enterprise Products компаниясының бас операциялық директоры Джим Тиг. Enterprise компаниясы мұнай эскпортына салынған тыйымның күшін жоюы АҚШ экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады деп санайды. Фото:kapital.kzПохожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





