Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-та 40 жылдан бері алғаш рет мұнайды экспорттауға келісімшарт жасалды

АҚШ-та  40 жылдан бері алғаш рет мұнайды экспорттауға келісімшарт жасалды

Қаңтардың алғашқы аптасында Техастағы Хьюстон терминалында өндірілген 600 мың баррель мұнай американдық Enterprise Products компаниясына жіберіледі. Бұл АҚШ-тағы мұнай экспортына салынған тыйым алынғаннан кейінгі алғашқы келісім шарт болды деп жазады РБК.

"Біз АҚШ-тан мұнайды экспорттау туралы алғашқы келісім -шартымыз туралы хабарлауға қуаныштымыз. Біздің дерек бойынша, бұл шамамен 40 жылдағы Мексика шығанағынан алынған американдық мұнайдың бірінші экспорттық жөнелтілуі",- деді Enterprise Products компаниясының бас операциялық директоры Джим Тиг. Enterprise компаниясы мұнай эскпортына салынған тыйымның күшін жоюы АҚШ экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады деп санайды. Фото:kapital.kz

Похожие материалы