Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ ең көп электр энергияны рождестволық шамдарға жұмсайды

АҚШ ең көп электр энергияны рождестволық шамдарға жұмсайды

Америкалықтар рождестволық гириляндтар мен үйдегі мерекелік шамдарға ең көп электр энергиясын жұмсайды. Бұл басқа елдердің жыл сайын жұмсайтын электр энергиясымен салыстырғанда тым көп, деп жазады ВВС.

Жаһандық даму орталығының зерттеуі бойынша, АҚШ тек мерекелік кеш кезінде 6,6 млрд кВт/сағ энергия жұмсайды екен. Ал бұл энергияны Эфиопия (5,3 млрд кВт/сағ), Танзания (4,81 млрд кВт/сағ) немесе Сальвадор (5,35 млрд кВт/сағ) халқы бір жылда ғана жарата алады. Зерттеушілердің сөзінше, рождесволық мереке кезінде мұндай энергияны жұмсау америкалықтарға еш әсер етпейді. Сондай-ақ, ғалымдар мереке кезінде жағылған электроэнергия АҚШ халқының жылына жұмсайтын энергиясының тек 0,2%-ын ғана құрайтынын айтады. Фото: wapkin.dp.ua

Похожие материалы