Қазақстандық сарапшылар АҚШ қаржы министрлігінің ресейлік "Сбербанк" және банк ВТБ-ның Қазақстандағы ешілестеріне қарсы санкциясына баға берді.
"Финам" инвестициялық холдингінің сарапшысы Богдан Заваричтың сөзінше, шектеудің енгізілуі аталған банк клиенттеріне еш әсер етпейді.
"Ресейлік "Сбербанк" және банк ВТБ-ның Қазақстандағы еншілес банктеріне қатысты санкцияның жұмысқа әсері болмайды. Бар мәселе еншілес банктер санкция тізіміне енген күннің өзінде жұмыс істеуінде болып отыр. Нақты бір шектеулер Сбербанк пен банк ВТБ-ның еншілестеріне қатысы жоқ. Сондай-ақ, банк клиенттері үшін операциялардан өту кезінде кедергі болмайды", - деді сарапшы.
Ол аталған банктер өз бетінше қор құру бойынша тырысып жатқанын және көптен бері сыртқы тәуелділігі жоқ екенін айтады.
Ал банк ВТБ Қазақстанның баспасөз қызметінен келген хабарламада қаржы институты бұрынғы режим бойынша жұмыс істеп жатқанын айтады.
"Банк ВТБ Қазақтан жоғарғы өтімділік деңгейі мен капиталды сақтай отырып, бұрынғы штаттық режим бойынша жұмыс істеуде. Негізгі қаражаттарды Банк елдің ішінен тартады және Банк ВТБ (ЖАҚ) бас компаниясының қолдауын пайдаланады", -делінген банктың баспаөз қызметі таратқан хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк ВТБ Қазақстанның капиталы 2015 жылдың соңына дейін 7,3 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Сонымен бірге ВТБ бас банк қазақстандық еншілесіне бағынышты несие ұсынады. Осылайша, банк ВТБ Қазақстанның жинақталған капиталы 40 млн долларды құрайды.
"Банк клиенттердің алдында өз міндеттемелерін орындайды және ВТБ-ның еншілес құрылымдарына қатысты АҚШ санкциясының ұзаруы жеке және заңды тұлғадағы клиенттеріне ешбір әсерін тигізбейді",- деп атап өтеді.
IFC Markets сарапшысы Дмитрий Лукашовта АҚШ санкциясы банк клиенттеріне әсер етпейтінін айтады.
"АҚШ санкциясы көбіне ресейлік банктерді несиелендіру мен шетел валюталарымен айналысатын компанияларға бағытталып отыр. Ал қаржы аудару операциялары мен рубльмен несие алуда еш кедергі жоқ", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, "Сбербанк-Қазақстан" банкінен келген хабарламада да жұмыста ешқандай өзгеріс болмағаны айтылады.
«2014 жылдың қыркүйек айында Ресейлік "Сбербанкке" жарияланған санкция біртіндеп оның еншілес компанияларына әсер етеді. Ал 2015 жылы "Сбербанктің" еншілес тобына қатысты жарияланған санкция банктердің заңдық күші мен көлемін өзгерте алмайды. "Сбербанк-Қазақстан" бұрынғы тәртіп бойынша жұмыс істеп, клиенттеріне қызмет көрсете береді" ,- делінген банк сайтында жарияланған хабарламада.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024