Экономика
2016 жылы ҚР-да инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі толық жоспар қабылданады
«Ел экономикасына инвестиция тартуды ынталандыру үшін 2016 жылдың бірінші тоқсанында Үкіметтің толық жоспары қабылданады. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес, инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шаралар толық қамтылады. Бұдан бөлек, осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін 2016 жылдың қаңтарында Үкіметтік және өңірлік кеңестер құрылады», - деп мәлімдеді министр.
Сонымен қатар, 2016 жылдың шілде айына дейін еліміздің 6 макроөңірінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспары аясында мини-кластерлерді дамытуды қосқанда инвестициялық даму бағдарламалары әзірленеді.
«2016 жылдың наурыз айына дейін үкіметтік қарыздар деңгейін төмендету бойынша бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізіледі», - деп толықтырды ҚР ҰЭМ басшысы.
Бұдан өзге, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа заң аясында үш және одан астам жылдарға ұзақ мерзімді келісімдер жасау қарастырылған, бұл жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандыруға мүмкіндік береді.
Фото: dixinews.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024