Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы ҚР-да инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі толық жоспар қабылданады

2016 жылы ҚР-да инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі толық жоспар қабылданады
Еліміздің экономикасына инвестициялар тартуды белсендендіру үшін 2016 жылдың бірінші тоқсанында ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды қарастыратын толық жоспар қабылданады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Дағдарысқа қарсы жоспар жөніндегі  Үкімет сағаты барысында. 
«Ел экономикасына инвестиция тартуды ынталандыру үшін 2016 жылдың бірінші тоқсанында Үкіметтің толық жоспары қабылданады. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес, инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шаралар толық қамтылады. Бұдан бөлек, осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін 2016 жылдың қаңтарында Үкіметтік және өңірлік кеңестер құрылады», - деп мәлімдеді министр.
Сонымен қатар, 2016 жылдың шілде айына дейін еліміздің 6 макроөңірінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспары аясында  мини-кластерлерді дамытуды қосқанда инвестициялық даму бағдарламалары әзірленеді.
«2016 жылдың наурыз айына дейін үкіметтік қарыздар деңгейін төмендету бойынша бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізіледі», - деп толықтырды ҚР ҰЭМ басшысы.
Бұдан өзге, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа заң аясында үш және одан астам жылдарға ұзақ мерзімді келісімдер жасау қарастырылған, бұл жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандыруға мүмкіндік береді.
Фото: dixinews.kz 

Похожие материалы