2015 жылғы әлемдік дағдарыстан қазақстандық экономикада қалыс қалған жоқ. Шикізат бағасының арзандауынан ұлттық валюта бірнеше рет құнсыздану кезеңінен өтіп, қазына табысы төмендеді. Осындай жағдайда үкімет қаржылық қиындықтармен күресу қажет қадамдар жасап, жаңа шешімдер қабылдады. 7kun.kz өткен жылы еліміздегі ірі экономикалық жаңалықтар тізімімен таныстырады.
Барлығы ұлттық валютадан басталды
Экономикада болған кез-келген өзгеріс ел валютасына тікелей әсер етеді. Биылғы жыл қазақстандық теңгеге осыны дәлелдеді. Еліміздің ұлттық валютасы америкалық долларға қатысты 69 пайызға арзандады. Әсіресе, осы жылдың 20 тамызы теңге үшін сын сағаты болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі алдағы уақытта теңгені ретке келтіруден бас тартып, "еркін айналымға" жіберді. Доллар бағамы бірден 300 теңгеге өсіп, қаржылай реттеуіш америкалық валютаның өсімін тоқтату үшін миллиард доллар жұмсап, валюталық интервенция жүргізуге мәжбүр болды. Біршама уақыт доллар нығайып келгенімен, кейінірек теңге басымдылыққа ие болды. Жыл басында шетелдік валюта 180 теңгеден сатылса, желтоқсан ортасында бағамы 350 теңгеге жетті.Ұлттық банк басшысының өзгеруі
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкін 2 жылдық басқарудан кейін 2015 жылдың 2 қарашасында Қайрат Келімбетов отставкаға кетті. Көптеген сарапшылар, саясаткерлер мен экономистер Ұлттық банк басшысының қызметінен босату себебін түрліше түсіндіруге тырысты. 2 жылдық қызметіндегі теңге бағамының 50 пайыздан да көп құлдырауы мен Ұлттық банк мәлімдемесі мен әрекеттерінің бір-бірімен қиыспауы басты себеп болды. «Жеке мен өзім бұл туралы кеше түнде білдім. Бүгін таңертең Ұлттық банк қызметкерлеріне хабарланды. Банктен ешқандай ақпарат сыртқы тараған жоқ. Біз биржадағы кешкі сауда аяқталғаннан кейін ғана осындай шешім қабылдадық»,- деген еді ол 2014 жылғы "қара дүйсенбіден" кейін. Осы девальвациядан кейін-ақ әлеуметтік желі қолданушылары, белсенді қазақстандықтар Қайрат Келімбетовты отставкаға жіберуді талап етті. Қазір Ұлттық банк Данияр Ақышевтың басқаруында. Оның осыған дейін қаржы реттеуішінде жұмыс істегендігі артықшылық болды. Бірақ жаңа басшы келгеннен кейін теңге әлсіреуін жалғастырып, доллар 350-ге дейін жеткен еді. Ұлттық банктың ендігі қадамы қандай болатындығын келесі жыл көрсетеді.Қазақстан рейтингінің төмендеуі
Халықаралық S&P рейтинг агенттігі 2015 жылы Қазақстанның несиелік рейтингін төмендетті. Бұған мұнай бағасының төмендеуі әсерінен республика табысының азаюы себеп болды. Ел рейтингі негативті болжаммен "ВВВ-ға"дейін төмендетілді. Ал Fitch агенттігі Қазақстанның экономикалық жағдайына көрші елдердегі өзгерістер де әсер етті деген пікірін білдірді. «Қазақстанның ірі серіктестері болатын Ресейдегі терең рецессия перспективалары және Қытайдағы экономикалық өсімнің баяулауы, сонымен қатар бірқатар ТМД елдерінде жүргізілген девальвальвациялар кері әсер күшін арттыра түсті. Соның салдарынан сауда серіктестерінің валюталарынан қарағанда теңге біршама аса бағаланған болып көріне бастады», — делінген агенттік хабарламасында.Долларсыздандыру кезеңі
Өткен жылы Қазақстан доллардан бас тартуға үлкен көңіл бөлді. Бірақ бұл құбылысты тікелей түсінуге болмайды деп атап өтеді Ұлттық Банк. Қаржы реттеуішінің экс-басшысы Қайрат Келімбетовтың сөзінше, америкалық валютадан толыққанды бас тартылмайды. Есептеулердің басым бөлігі теңгемен жүргізілу үшін қажетті шаралардың бірі. Долларсыздандыру саясатын іске асыруға байланысты арнайы жоспар құрылды. Дегенмен ірі экспортерлер мен импортерлерге доллардан бас тарту туралы айтуға әлі ертерек. Долларсыздандыру саясаты кешенді түрде жүргізілуі үшін теңгенің ақша айналымындағы маңыздылығы арта түсуі қажет. Д.Ақышевтың сөзінше, долларсыздандырудың алғашқы нәтижелері бір жылдан кейін белгілі болады.Депозит бойынша өтемақылар төленуі
Елдің басты банкі мен Үкімет тамыздағы девальвациядан кейін жеке тұлғалардың теңгеде сақталған депозиттерінің өтемақысын төлеумен айналысты. Ол курстық айырмашылықтан үлкен шығын шегеміз деп уайымдаған адамдарға ертеңгі күніне деген сенімділік беруі қажет еді. Өтемақы алу бойынша басты талаптар төмендегідей болуы керек:- 2015 жылдың 18 тамызында банкте жинағы болғандығы
- Жинағында қалған қаржысы 1 млн теңгеден артық болмауы қажет
Ішкі нарықтағы парадокс
4 қыркүйекте Қазақстан Үкіметі Аи-92/93 маркасындағы жанармай бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. Бензин бағасына бақылау жасауды кері шегеруге ресейлік отын құнының қымбаттауы себепкер. Көрші елдің жанармайы қазақстандық нарық сұранысының 30 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Теңгенің еркін айналымға жіберілуінен теңге мен рубль арасындағы қатынас күрт өзгеріп, елде отын тапшылығының болу қаупі төнді. Бірақ үкімет бұл тәуекелді жоққа шығарды. 2016 жылы 3 мұнай өңдеу зауыттары іске қосылады деген жоспар бар. Ол ішкі нарықты отандық жанармаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Теңге бағамынан кейін еркін айналымға кету эстафетасы нан бағасына берілді. Ауыл шаруашылық министрлігі 2016 жылдан бастап нан бағасын субсидиялауды кері шегеру туралы шешім қабылдады. Яғни баға нарық арқылы қалыптасады. Мамандардың сөзінше, нақты қанша қымбаттайтындығын айту қиын. Бірақ өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты аймақтарда әртүрлі болады. Ауыл шаруашылық министрлігінің түсіндіруінге, барлығы үшін бірдей бағаны ұстап отыру, субсидия бөлу мемлекет үшін қымбатқа түседі.Жекешелендіру бағдарламасының жүргізілуі
Қазақстандық үкімет қыркүйек айында 60-қа жуық ірі мемлекеттік обьектілердегі өз үлестерін азайтатындықтарын мәлімдеді. Биліктің ол кәсіпорындарға қатысы 15 пайызға дейін азаяды. Еліміздің бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев осындай мәлімдеме жасады. Мемлекет үлесінің азаюына басты себеп - мемлекеттің нашар менеджер екендігі. Енді өзара бәсекелестік пен нарықтық жағдайда өз-өзін сақтап қала білуіне баса назар аударылады. Дегенмен кейбір сарапшылардың сөзінше, мұның барлығы салық есебінен қазынаны толтырудың бір әдісі.Жаңа банкнота
1 желтоқсаннан бастап жаңа 20 мың теңгелік банкнота айналымға шығарылды. Банкнота 2013 жылы дайындалған, бірақ сол кездегі бас банкир ақшаны басып шығаруға әлі ерте деп мәлімдеген еді. Айналымға шыққан сәттен бастап ол басқа да ақша белгілері тәрізді заңды төлем құралы болып табылады және барлық ақша операциялары үшін қолданылады. Жаңа банкнота қазақстандық теңгенің ең жақсы қорғалған ақша белгісі.
Қазақстан ДСҰ-ға кірді
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы 20 жылға созылған келіссөздерді аяқтады. 22 маусымда ұйымға кіру туралы құжаттар пакеті «ресми рұқсатын алу үшін» жұмыс тобына көрсетіліп, кейінірек ұйымның бас кеңесіне берілді. Қазақстан ДСҰ-ға кіру туралы 1996 жылы өтініш берген. 30 қарашада Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент Қазақстан де-юре ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болды деп хабарлады. Айта кету керек, Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуы Дүнитежүзілік сауда ұйымына кіру кезіндегі проблемалық мәселелердің бірі болды. Алайда республика ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын ұлттық мүдделерін ескере отырып, үйлестірудің жолын таптыАстана қаржы орталығы
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда EXPO-2017 базасында халықаралық "Астана" қаржы орталығы құрылады деп мәлімдеді. Қыркүйекте Ұлттық банк "Халықаралық қаржы орталығы" туралы заң жобасын мақұлдады. Қаржы орталығының инфақұрылымы EXPO обьектілерінің базасында салынады, ал Ұлттық банк өз бюджеті есебінен орталық органдарын құруға көмектеседі.Бірақ сарапшылар, Үкіметтің Астанада жаңа қаржы орталығын құруға қаражаты жоқ, әзірге алыс болашақтағы мәселе деп есептейді.
Фото:shikate.ru
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024