"Электр станциясы" ААҚ пен Екібастұз мемлекеттік аумақтық электрстанциясы Қырғызстанға электроэнергия жеткізу туралы келісім жасады. Бұл туралы total.kz хабарлайды.
«Электроэнергияны жеткізу көлемі - 10,88 кВт/сағ бағасы бойынша 100 млн кВт/сағ. Қосымша диагностика мен су электр станциясы және жылу электр станцияларының жұмыстары күшейтіледі. Импорт қажетті жағдайда басталады. Қазіргі уақытта электроэнергия қажеттіліктері мемлекеттегі мүмкіндіктер бойынша реттелуде", - делінген Қырғызстанның эконмика министрлігі таратқан құжатта.
Айта кетейік, 23-28 желтоқсан аралығында Қырғызстанның Токтогул су электр станциясында апатты жағдайға байланысты ГА 2 және ГА 3 гидроагрегаты өшірілген. Оның себебі кемінде 20-25 жыл қолданылатын құрылғылардың тым көп пайдалануынан кабельдік сымдардың ескіруі болып отыр.
Фото: imam.ru
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024