Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын жеткізетін болады

Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын жеткізетін болады

"Электр станциясы" ААҚ пен Екібастұз мемлекеттік аумақтық электрстанциясы Қырғызстанға электроэнергия жеткізу туралы келісім жасады. Бұл туралы total.kz хабарлайды.

«Электроэнергияны жеткізу көлемі  - 10,88 кВт/сағ бағасы бойынша 100 млн кВт/сағ. Қосымша диагностика мен су электр станциясы және жылу электр станцияларының жұмыстары күшейтіледі. Импорт қажетті жағдайда басталады. Қазіргі уақытта электроэнергия қажеттіліктері мемлекеттегі мүмкіндіктер бойынша реттелуде", - делінген Қырғызстанның эконмика министрлігі таратқан құжатта.

Айта кетейік, 23-28 желтоқсан аралығында Қырғызстанның Токтогул су электр станциясында апатты жағдайға байланысты ГА 2 және ГА 3 гидроагрегаты өшірілген. Оның себебі кемінде 20-25 жыл қолданылатын құрылғылардың тым көп пайдалануынан кабельдік сымдардың ескіруі болып отыр.

Фото: imam.ru

Похожие материалы