2016 жылы Қазақстан экономикасы 2%-ға өседі, бірақ 33 пайызға дейін тоқырауға түсуі мүмкін. Бұл туралы сарапшылар мен мамандардың пікірлеріне сілтеме бере отырып Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Дегенмен агенттік Қазақстанды тоқырауға ұшырау қаупі жоғары елдер тізіміне қосқан жоқ. Тіпті елдің ЖІӨ өсіміне оптимизммен қарап отыр. Осыған дейін басқа қаржы институттары еліміздің ЖІӨ өсімін 1,0-1,2% деп бағалаған еді. Агенттіктің мәліметінше, осы жылы өзгелерге қарағанда Венесуэланың экономикалық жағдайы одан әрі нашарлап, 3,3%-ға төмендейді. Бразилияда 2,5%, Грекияда 1,8% азаяды. 2016 жылы Ресей мен Эквадор экономикасы -0,5%-ға дейін түседі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024