Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bloomberg: 2016 жылы Қазақстан экономикасы 2%-ға өседі

Bloomberg: 2016 жылы Қазақстан экономикасы 2%-ға өседі

2016 жылы Қазақстан экономикасы 2%-ға өседі, бірақ 33 пайызға дейін тоқырауға түсуі мүмкін. Бұл туралы сарапшылар мен мамандардың пікірлеріне сілтеме бере отырып Bloomberg агенттігі хабарлайды.

Дегенмен агенттік Қазақстанды тоқырауға ұшырау қаупі жоғары елдер тізіміне қосқан жоқ. Тіпті елдің ЖІӨ өсіміне оптимизммен қарап отыр. Осыған дейін басқа қаржы институттары еліміздің ЖІӨ өсімін 1,0-1,2% деп бағалаған еді. Агенттіктің мәліметінше, осы жылы өзгелерге қарағанда Венесуэланың экономикалық жағдайы одан әрі нашарлап, 3,3%-ға төмендейді. Бразилияда 2,5%, Грекияда 1,8% азаяды. 2016 жылы Ресей мен Эквадор экономикасы -0,5%-ға дейін түседі.
Бразилияда тоқырау қаупі 75%, Ресейде 65%, Аргентинада 60% және Украинада 60% деп болжанып отыр. Қытай 12 пайыз көлемінде рецессияға ұшырауы мүмкін. Ал экономикасы тез дамып келе жатқан елдердің бестігін Азия мемлекеттері құрады. Үндістан мен Қытайдан бөлек бұл тізімге Шри-Ланка, Бангладеш және Вьетнам енгізілді. Еуропалық елдер арасында Румыния (3,8 пайыз) және Польшаның (3,5 пайыз) өсу қарқыны жоғары деп бағаланып отыр. Фото:vlast.kz

Похожие материалы