Жекешелендіру аясында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның 25%-ы IPO әдісі арқылы сатылымға шығарылады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарланды.
Қордың баспасөз қызметі атап өткендей активтер толық сатылымға қойылмайды. Сатылымға шығарылатын үлес тек арнайы тексеру мен тәуелсіз кеңесшілердің сараптамасынан кейін анықталады.
"Жоспарда айтылғандай қор акцияларының тек 25%-ы қор нарығында (IPO негізінде) сатылу керек. Бұл активтерді толық сату деген сөз емес. Тек мемлекеттің экономиға араласуын шектеп, бизнес басқарудағы жеке капиталдарды қатыстыру болып отыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Әзірге ұлттық экономика министрлігі тәуелсіз кеңесшілер тобын жинап жатыр, ал "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниялары активтерін алдын ала сатуға дайындайды.
"Біздің болжамымыз бойынша келісім-шарт жүйеі маңызды болғандықтан сату жылдам жүзеге аса қоймайды. Тәуелсіз кеңесшілердің жұмыс механизмі ұлттық экономика министрлігінде әлі де талқыланып жатыр. Олардың жұмысы мемлекеттік органдар бойынша қатаң бақыланады", - деп атап өтті қордың баспассөз қызметі.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов компанияларды жекешелендіру кезінде басты мәселелердің бірі жұмыс орындарын сақтап қалу екенін атап өтті. "Бұл компания жеке меншік иесі анықталғаннан кейін қолға алынады. Түрлі формалар бар: аукцион, мекен-жайлы сатылым, институттық инвесторлармен тілдесу. Сондықтан жұмыс орындарын сақтап қалу үкіметтегіде басты мәселелердің бірі болу керек", - деді ол.
Айта кетейік, 6 қаңтар күні жекешелендірілетін нысандардың тізімі жарияланған болатын. ІРО әдісі арқылы сатылымға "Қазақстан темір жолы", "Қазаавтоөндіріс", "ҚазМұнайГаз" секілді ұлттық компаниялар қойылады. Сондай-ақ, алғашқы сатылымға "Самұрық-Энерго", "Эйр Астана", "Қазпошта" және "Тау-Кен Самұрық" шығарылады.
Фото: kapital.kz