Hyundai компаниясының N спорт бөлімшесі үш бірдей жаңа модель дайындау үстінде. Бірінші N-нұсқа Hyundai i30 хетчбэгі үшін шығарылады. Оның қозғалтқыш қуаты 300 а.к болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Hyundai N өзінің Genesis суббренді үшін әлі ресми таныстырылмаған G70 седанын шығарады. Негізгі модельдері BMW 3-Series бәсекелес болса, спорт үлгісіндегі Genesis G70 N енді BMW M3 үшін бәсеке туындатады. Үшінші автокөлік туралы ақпарат жоқ. Бірақ, сол Genesis қатарынан болады деген болжам жасалып жүр. Солай болатын болса, BMW M4-ке жаңа қарсылас пайда болады деген сөз.
N суббренді Nissan Nismo-ның баламасы ретінде 2013 жылы жарық көрді. Спорттық үлгідегі автокөліктің таныстырылымы күзде Франкфурт автосалонында өтті. Сол жерде корейлер Gran Turismo 6 виртуал ойыны үшін құрастырылған N 2025 суперкарын көрсеткен болатын.