Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Deutsche Bank: 10 жылдан соң қағаз ақшалар болмайды

Deutsche Bank: 10 жылдан соң қағаз ақшалар болмайды

Deutsche Bank-тің бас директоры Джон Крайанның айтуынша, санды технологияның дамуы әсерінен 10 жылдан кейін қағаз ақшалар айналымнан шығуы мүмкін. Бұл туралы vestifinance.ru жазады. 

Давос форумында ұйымдастырылған  "The Transformation of Finance" дискуссиясы аясында  Германиялық банктің басшысы қағаз түрдегі қолма-қол ақшалардың орнын бірыңғай сандық валюта алады дегенді айтқан.

Оның сөзінше, қолма-қол ақша түрін алып тасау керек. Ал санды ақшалар билікті толық бақылауға мүмкіндік береді.

Ол тіпті санды ақшалардың ерекше тұстарын да атап көрсеткен. Біріншіден, санды валюта транзакция үшін өте тиімді. Екіншіден, қорғау жоғарғы деңгейде болады және ақшаның орналасуын бақылау мүмкіндігі артады. Ақша мен қаржы секторына байланысты дискуссияға Deutsche Bank-тен бөлек, Morgan Stanley-дің бас директоры Джеймс Горман, PayPal-дың бас директоры Дэн Шульман, Zurich Insurance Group директорлар кеңесінің төрағасы Том де Сваан және Халықаралық валюта қорының реттеуші директоры  Кристин Лагард сынды батыстың басты қаржы элиталары қатысқан.

Фото: vestifinance.ru

Похожие материалы