Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда автокөлік өндірісінің көлемі азайды

Қазақстанда автокөлік өндірісінің көлемі азайды

2015 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісінің көлемі 66,5%-ға немесе үш есеге азайды. Бұл жөнінде ҚР Статистика комитеті хабарлады.

Қазақстанда 2015 жылы жеңіл автокөлік өндірісі 12,4 мың дананы құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 37,1 мың болған еді.

Жолаушылар автокөліктерінің де өндірісі 17%-ға төмендеген. 2015 жылы автокөліктің аталған түрінің 369 данасы шықса, 2014 жылы -  442 көлік болатын.

Ал, машина құрастырудың жалпы көлемі 30%-ға азайған. Машина жасау саласының өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі 614,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 29,6%-ға төмен.

Сонымен бірге, темекі саласында да өндіріс көлемі азайғаны байқалды. 2015 жылы Қазақстанда жалпы сомасы 93,4 млрд теңгеге темекі өнімдері жасалған. Яғни, 2014 жылдан 24,7%-ға аз.

Похожие материалы