Алматы әкімдігі қалада ақылы тұрақтарды ұйымдастыратын инвестор іздеп жатыр.
"Бүгінде біз осы мәселені қарастырып жатырмыз. Тәртіптер қатаңдатылды. Келетін инвестор сапасына сай келтіріп, ақша құйып, бюджеттің табыстылығы мен айқындылығын қамтамасыз етуі керек. Тұрғындарға машиналарын тұраққа қою ыңғайлы болып, әділетті әрі қолжетімді болатындай етіп жұмыс жасаса дейміз. Әлем бойынша ең көп табыс әкелетін де осы - тұрақтар. Бюджетке түскен ақшаны көлік инфрақұрылымына жіберіп отыру керек", - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.
Әкімнің сөзіне сүйенсек, Лондонда ақылы тұрақтардан 670 млн еуро табыс келеді екен. Үкімет қаражатты көлік субсидиясына жібереді дейді.
"Сол себепті біз қолайлы жағдай жасап, ақша тауып, сол ақшаға халыққа сапалы қызмет ұсынуымыз керек. Дат архитекторы Ян Гейл келген кезінде Копенгагенде осы тұрақтардан көп табыс түседі деген еді. Сондықтан, бізге мықты инвестор керек. Осындай қиын-қыстау кезеңде ақша салып, сапалы тұрақтармен қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Барлығын электронды, айқын түрге ауыстыру да шарт. Ортада ақша жинайтын адамдар болмасын. Барлық ақша компания мен бюджетке түсуі керек", – дейді қала басшысы.
Естеріңізге сала кетсек, ақылы тұрақтар 2015 жылдың маусым айында қосылып, қарашада қайтадан алынып тасталған еді. Тұрақ үшін ақы алу автотұрақтарда бірыңғай жүйе орнағанша тыйым салынады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024