2016 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 375,24 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, cәрсенбі күні АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 374,50 теңгені құрады. Максималды курс — 376,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 376,50 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 34 млн 50 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 43. 25 қаңтардағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 372,89 теңге болды. Алматы және Астана қаласындағы айырбастау бөлімдерінд доллар 380 теңгеден сатылуда. Ақша айырбастау орындарында долларды 376,5-377,5 теңге аралығында сатып жатыр (Алматы уақытымен 11:00). Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді. Фото:kazpravda.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024