2016 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 365,23 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 105 млн 500 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 22.
Ақша айырбастау орындарында долларды 366-368 теңге аралығында сатылуда (Алматы уақытымен 11:30).
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.