Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай құны 36,35 долларға қымбаттады

Мұнай құны 36,35 долларға қымбаттады

Бір апта ішінде қара алтынның бағасы (24 қаңтар-1 ақпан) 16%-ға қымбаттады, деп хабарлайды LS.

Brent маркалы мұнайдың сәуір айына арналған жеткізу құны 1 ақпанда барреліне 36,35 долларға қымбаттады. Баға 2016 жылдың 6 қаңтарынан бері алғаш рет 36 доллардан жоғарылады. Дегенмен Астана уақытымен 9:24-те қара алтынның құны қайтадан $35,55 долларға төмендеді. Мұндай мәліметті ICE Futures құрылықаралық биржасы келтірді.

Ал WTI америкалық мұнай барреліне 34,09 долларға бағаланды.

Brent

Айта кетейік, 28 қаңтар күні  Brent маркалы мұнайдың бағасы 35,66 долларға жеткен болатын. Алайда баға белгіленімі қайтадан төмендеп, сауда 33,89 долармен жабылған еді.

Фото: ortcom.kz

Похожие материалы