Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назым Қызайбай Kaspi Bank'тің жарнамалық науқанының бас кейіпкері болды

Назым Қызайбай Kaspi Bank'тің жарнамалық науқанының бас кейіпкері болды
Kaspi Bank қарапайым адамдардың өмірі мен жетістіктерін насихаттауға арналған «Қаһармандар Kaspi-мен бірге» біргей науқанын кезекті кейіпкермен жалғастырды. Бұл жолғы «қаһарман»  әйелдер арасындағы бокстан тұңғыш қазақстандық әлем чемпионы Назым Қызайбай болды. Қазіргі кезде телеарналарда Назымның қатысуымен жарнамалық роликтер жүргізілуде және түрлі өңірлерде кездесулер өткізіліп жатыр. Соның бірі бүгін Назымның туған жері Іле ауданы, Жетіген ауылының №11 орта мектебінде болды. Бұл мектепте Назым 3 сыныптан 8 сыныпқа дейін оқыған. Кездесу барысында ол мектеп оқушыларына өзінің осы жетістіктеріне жету үшін талмай еңбек еткенін, қандай қиыншылықтар кездессе де мойымай алға ұмтылғаны жайлы айтып берді. 12631126_770104873119859_1534544418_o 12636975_770105463119800_1718317645_o «Менің жетістігімнің құпиясы мынада – мен әдеттегі жолмен жүрмедім, – дейді Назым Қызайбай. – Мен өз таңдауымды жасап, арманымның жетегіне ердім. Менің әрбір жаңа күресім – бірінші кезекте көлеңкемен, өзіммен жекпе-жек болып табылады. Әр жеңістің артында қарқынды жаттығулар мен өзімді ұдайы дамыту тұр». Назым Қызайбай 1993 жылы қыркүйек айының 14 жұлдызында Алматы облысы, Жетіген ауылында дүниеге келген. 14 жасында Назым Қызайбай күрделі шешім қабылдады — өз өмірін боксқа арнауды шешті. 6 жасында ол ересектер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетеді. 2012 жылы 19 жасында Назым ересектердің әлем чемпионатында қола медальды жеңіп алады, ал екі жыл өткен соң алтын медальға қол жеткізіп, бокстан тұңғыш қазақстандық әлем чемпионы атанады. 12630996_770123999784613_654050113_o 12630717_770105269786486_369910906_o Естеріңізге сала кетейік, "Kaspi қаһармандарының" арасында әлемнің барлық ірі шөл далаларын жүгіріп өткен белгілі марафоншы Марат Жыланбаев, 16 жылдан бері өзінің бүкіл уақыты мен күшін асырап алған балаларына жұмсап жүрген 350 баланың анасы Тұяқ Есқожина, әлемнің ең биік 14 шыңын бағындырған альпинист Мақсұт Жұмаев бар. Биылғы жылдың басында Kaspi Bank Назым Қызайбайдың жарнамалық науқанға қатысатыны туралы хабарлаған еді. Жарнамалық науқанның басты мақсаты - адамдарды қанаттандырып, үлкен жетістіктерге жету үшін өздерін өзгертуге шақыру. Келесі кездесу ертең Шаңырақ ықшам ауданындағы дарынды балалар спорт мектебінде өтпек.

Похожие материалы