Выбор редактора
							
							
													Назым Қызайбай Kaspi Bank'тің жарнамалық науқанының бас кейіпкері болды
							
«Менің жетістігімнің құпиясы мынада – мен әдеттегі жолмен жүрмедім, – дейді Назым Қызайбай. – Мен өз таңдауымды жасап, арманымның жетегіне ердім. Менің әрбір жаңа күресім – бірінші кезекте көлеңкемен, өзіммен жекпе-жек болып табылады. Әр жеңістің артында қарқынды жаттығулар мен өзімді ұдайы дамыту тұр».
Назым Қызайбай 1993 жылы қыркүйек айының 14 жұлдызында Алматы облысы, Жетіген ауылында дүниеге келген. 14 жасында Назым Қызайбай күрделі шешім қабылдады — өз өмірін боксқа арнауды шешті. 6 жасында ол ересектер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетеді. 2012 жылы 19 жасында Назым ересектердің әлем чемпионатында қола медальды жеңіп алады, ал екі жыл өткен соң алтын медальға қол жеткізіп, бокстан тұңғыш қазақстандық әлем чемпионы атанады.
Естеріңізге сала кетейік, "Kaspi қаһармандарының" арасында әлемнің барлық ірі шөл далаларын жүгіріп өткен белгілі марафоншы Марат Жыланбаев, 16 жылдан бері өзінің бүкіл уақыты мен күшін асырап алған балаларына жұмсап жүрген 350 баланың анасы Тұяқ Есқожина, әлемнің ең биік 14 шыңын бағындырған альпинист Мақсұт Жұмаев бар. Биылғы жылдың басында Kaspi Bank Назым Қызайбайдың жарнамалық науқанға қатысатыны туралы хабарлаған еді. Жарнамалық науқанның басты мақсаты - адамдарды қанаттандырып, үлкен жетістіктерге жету үшін өздерін өзгертуге шақыру.
Келесі кездесу ертең Шаңырақ ықшам ауданындағы дарынды балалар спорт мектебінде өтпек.
												
											




