2016 жылдың 1 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 359,85 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, cәрсенбі күні АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 358,5 теңгені құрады. Максималды курс — 362,3 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 360,05 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 56 млн 300 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 121.
Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 360,45 теңге болды. Ал 1 ақпанға арналған ресми бағам - 364,79 теңге.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 359-362 теңгеден сатылып жатыр (Алматы уақытымен 16:30).
Фото: nb.kz