Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 360 теңге деңгейінде қалды

Доллар бағамы 360 теңге деңгейінде қалды

2016 жылдың 9 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 360,34 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 359,50 теңгені құрады. Максималды курс — 361,60 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 360 теңге болды.

Күндізгі сессияда сауда көлемі 36 млн 250 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 87.

9 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 360,37 теңге болды.

8 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысына сәйкес 9 ақпанға арналған доллардың орташа бағамы 359,89 теңге. Ал 10 ақпанға арналған ресми бағам 360,37 теңге болады.

Ақша айырбастау орындарында доллардың 9 ақпандағы максималды курсы  366 теңге деп белгіленген.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы