Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы бойынша бөлінген 26 млрд теңгенің 64,9% қаражаты мақұлданып келісілді, қаражаттың 54,60% нақты игерілді. Бұл туралы Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанның Даму Банкі» (ҚДБ, Банк) 2016 жылдың 4 ақпандағы жағдай бойынша агент коммерциялық банктерге (барлығы - 6) жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасының шеңберінде 16 млрд 874,9 млн теңгені құрайтын 5 152 өтінішті мақұлдады.Олардың ішінен екінші деңгейдегі 6 банк отандық көлік өндірушілердің автокөліктерін сатып алуға жалпы сомасы 14 197,2 млн теңгеге 4 439 несие берді", - делінген банк хабарламасында.
Екінші деңгейдегі банктер бойынша нақты келісілген және игерілген қаражатты топтастыру (млн теңге):
ҚДБ 2015 жылдың 20 сәуірі күні іске қосылған жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасының операторы болып табылады. Бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан жеке тұлғаларға Қазақстанда жиналатын автокөліктерді сатып алуға несие беру үшін барлығы 26 млрд теңге бөлінді.Айта кетейік, жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға ҚР Үкіметімен бекітілген несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4%, алайда жылдық тиімді мөлшерлеме (оның ішіне сақтандыру және автокөлікті кепілге салу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспау керек. Несие мерзімі – ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы – теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы – ең көбі 9 000 000 теңге, бастапқы жарна (бар болса) – сатып алынатын көліктің бағасынан ең көбі 20%. Жеңілдікті автонесие беру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңартпалы сипаты бар. Яғни, ағымдағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан атонесие беруге жұмсалады.
Фото: autodrop.ru