Экономика
Выбор редактора
Б.Сағынтаев: Қазақстан эскпортқа халал өнімдерін шығаруы керек
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы халал өнімдерін белсенді түрде дамытуымыз керек, деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.
"Соңғы уақытта халал өнімдер туралы жиі айтылып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, әлемдік нарықтағы халал өнімдердің айналымы көбейеді. Жақын арада жылына 6,5%-ға өсетін болады. 2020 жылға қарай оның көлемі 2,5 трлн долларды құрайтын болады. Бұл үлкен сандар, сондықтан біз осы саладан өз орнымызды тапсақ деп ойлаймын",- деді Б.Сағынтаев.
Сонымен қатар, ол осы бизнеске Бразилия, Франция, Оңтүстік Корей елдерінің де үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.