Ұлыбританияның 200-ге жуық компаниясының басшылары мемлекеттің Еуропалық одақтан шығуына қарсылық білдіргені туралы өтінішке қол қойды. Олардың сөзінше, ЕО бизнесті реттеуге байланысты болатын ауыртпалықтарды азайтуға және бірыңғай нарықты дамытуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды РБК.
Британдық бизнесмендердің өтініш хатын The Times басылымы жариялаған. «Бизнес ары қарай даму үшін және жұмыс орындарын құрып, инвестиция салу үшін еуропалық нарықтағы шектеусіз қолжетімділікке мұқтаж. Сондықтан Ұлыбритания ЕО мүшесі болып қалса мықты әрі қауіпсіз болады. Егер мемлекетт Еуродақтан шықса жұмыс орындары қысқарып, инвестиция тоқтап, экономикаға қауіп төндіреді деп есептейміз», — делінген хатта.
Аталған өтініште 197 кәсіпорын басшыларының қолы қойылған. Олардың арасында BP, HSBC, Vodafone, Marks & Spencer, Airbus, BAE Systems, Ryanair және тағы басқа компаниялар бар.
Сондай-ақ, Bloomberg агенттігі хабарлағандай, бизнес өкілдері референдум кезінде Британияның ЕО-дан шығуына қарсы дауыс беруді жоспарлап отыр.