Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Федералды тергеу бюросы Apple-дан тағы 9 iPhone-ның кодын ашып беруді талап етті

Федералды тергеу бюросы Apple-дан тағы 9 iPhone-ның кодын ашып беруді талап етті

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы Apple-дан тағы 9 iPhone-ның кодын ашып беруді талап етті. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды.

«Әділет министрлігі Apple-дан АҚШ аумағындағы 9 iPhone смартфонының кодын ашып беруді талап етті", - деп жазды басылым.

Айта кетейік, 16 ақпан күні сот Apple компаниясына Сан-Бернардино (Калифорния) қаласында болған атысты ұйымдастырушылардың бірінің iPhone 5S-нің кодын ашып беруді  міндеттеген. Компаниядан смартфондағы мәліметтерді жоғалтып алмай қол жеткізуге болатын бағдарламаны құруды талап етті. Алайда Apple басшысы Тим Кук сот бұйрығына наразылық білдіріп, ашық хат жолдағанын мәлімдеді.

Компания басшылығының сөзінше, жеке смартфондардағы мәліметке қол жеткізу мәселесі халықаралық дауға ұласуы мүмкін.

Похожие материалы