2016 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы ақша көлемі 2,8%-ға артып, 17,697 трлн теңгеге жетті (ресми курс долларға қатысты 350,25 теңге). Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Айналымдағы қорлма-қол ақшаның көлемі 5,1%-ға қысқарып, 1,175 трлн теңгеге төмендеді.
Қаңтар айында ақша базасы 0,6%-ға азайып, 4,722 трлн теңге болды. Ал тар ақша базасы (Ұлттық банктегі екінші деңгейлі банктердің жедел депозитін есептемегенде) есептік кезеңде 0,7%-ға қысқарып, 4,638 трлн теңгеге түсті.
Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан жаңа ақша-несие саясатына өтті. Теңге еркін айналымға жіберіліп, ұлттық валютаның айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылатын болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024