Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылдың қаңтарында Қазақстандағы ақша көлемі 2,8% өсті

2016 жылдың қаңтарында Қазақстандағы ақша көлемі 2,8% өсті

2016 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы ақша көлемі 2,8%-ға артып, 17,697 трлн теңгеге жетті (ресми курс долларға қатысты 350,25 теңге). Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Айналымдағы қорлма-қол ақшаның көлемі 5,1%-ға қысқарып, 1,175 трлн теңгеге төмендеді.

Қаңтар айында ақша базасы 0,6%-ға азайып, 4,722 трлн теңге болды. Ал тар ақша базасы (Ұлттық банктегі екінші деңгейлі банктердің жедел депозитін есептемегенде) есептік кезеңде 0,7%-ға қысқарып, 4,638 трлн теңгеге түсті.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан жаңа ақша-несие саясатына өтті. Теңге еркін айналымға жіберіліп, ұлттық валютаның айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылатын болды.

Похожие материалы