Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Бүгін таңертең autonesie.kz сайтындағы 4% автонесиеге өтінім қабылдау жүйесіне көпшілік наразылық білдіріп жатыр. Әлеуметтік желіде кім алды деп сұраған адам көп. autonesie.kz бүгін ешкім несие рәсімдей алмаған сияқты.
FINANCE.kz жобасының жетекшісі Андрей Чеботарёв «Барлық Digital Kazakhstan бір скринде» деген жазбасында 10:00:00 өтінім қабылдау басталғанын, 10:00:40 сайтта қате көрсеткенін, 10:01:00 автоөндірушілердің тізімі бос болғанын, 10:01:30 сайттың құлап қалғанын, 10:05:00 іске қосылғанын, бірақ лимиттің біткенін жазды.
«Түрлі форумдар өте керемет, бірақ шынайы өмір, міне, әрқайсымыздың көз алдымызда», - деп жазды ол.
Оның жазбасына пікір қалдырған autonesie.kz сайтының жасаушы Бірінші кредиттік бюро басшысы Руслан Омаровтың жазуынша алғашқы 18 секундта лимит берілген 761 адам өтінім беріп үлгерген.
«761 адамнан тұратын кезек 18 секундта жиналды. Ең жоғары жүктеме секундына 10 000 сұранысты құрады. Трафик көлемі секундына 1 ГБ-тан асады. Біз шыдадық. Бірақ басқа да нәзік нәрселер бар», - деп жазды ол.
Ал «Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі autonesie.kz сайтына бір минутта 125 мың адам кіргенін хабарлады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024