2016 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 336,48 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 336 теңгені құрады. Максималды курс — 347,10 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 337 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 68 млн 850 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 196.
11 сәуірдегі таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 336,87 теңге болды. Осылайша 12 сәуірдегі ресми бағам —336,87 теңгені құрайды.
Ақша айырбастау орындарында доллардың 11 сәуірдегі максималды курсы 339 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.