Ұлттық банк бейсенбі күні 6 қарашаға арналған шетел валюталарының ресми курсын белгіледі. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған.
АҚШ доллары– 298,92 теңге, 1 еуро – 325,37, рубль – 4,73, 1 фунт стерлинг – 459,89, жапон йені – 2,46, 1 қытай юаны – 47,10, 1 қырғыз сомы– 4,31, 100 өзбек сумы – 11,12 теңге болды.
Теңге курсына қатысты АҚШ долларының ресми бағамы ҚАзақстан қор биржасының таңғы (негізгі) сесиясы кезінде белгілі болды. Доллардың орташа бағамы - 298,92 теңге.
Теңге курсына байланысты басқа шетел валюталарының бағамы 5 қараша күні Алматы уақытымен 15:00-де кросс-курс есебі бойынша белгіленді.