Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

6 мың доллар: Әлемдегі ең арзан 7 көлік

6 мың доллар: Әлемдегі ең арзан 7 көлік

Автомобиль өнеркәсібі ең қымбат салалардың бірі. Бірақ, көпшілік қалтасына қарағандықтан шама келсе, үнемді, арзан әрі жүруге ыңғайлы көліктер алуға тырысады. Назарларыңызға әлемнің ең арзан көліктерінің тізімін ұсынамыз.

  • Karenjy Mazana 2
big_9281424258240 Karenjy компаниясы шығарады. 1985 жылы Мадагаскарда ашылған. Ұзақ уақыт үзілістен соң компания өндірісті қайта қолына алып, Mazana 2 моделін жарыққа шығарады. Бұл көліктің ерекшелігі - терезе жуатыны мен қауіпсіздік жастықшаларын жоқ болуында. Осыған орай, бағасы да өте арзан. Мадагаскарда зауыт емес, қолдан құрастыратын болғандықтан, жылына 200 көліктей шығарылады. Mazana 2-де Peugeot автокөлігінің қуатты 112-қозғалтқышы орнатылмақ. Жергілікті жерге толықтай бейімделіп жасалмақ. Автокөлік өндірісі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығатын болады. Бағасы әлі белгісіз.
  • Mobius 2

mobius-2-side-876 Кениялық Mobius Motors компаниясы жергілікті жерге арнап өте арзанға шығатын автокөлік шығарды. Жол таңдамайтын көліктің негізі - құбырлы каркас. Қуаты 86 ат күшіне тең 1,6 литрлік мотор салынған. Автакөлікте кузов элементтері өте аз. Керек десеңіз, терезесі де жоқ. Автокөлік шығаруда осындай үнем жасағандықтан, компания әлемдегі ең арзан көлік шығарушылардың бірі саналады. Бағасы - 6 мың доллар. Автокөлік сынақтан өткізілу үшін  бастапқыда 50 дана тиражбен шығарылмақ.
  • Hindustan Ambassador

2013_Hindustan_Ambassador_Grand_in_a_showroom. Hindustan Ambassador-да магнитола, ауа салқындатқышы және рөлдің гидроұлғайтқышы бар. Машинаның көлемі D-класстағы седандармен шамалас. Көлемі 1,5 және 2,0 литрлік дизель қозғалтқыштары мен 1,8 және 2 литрлік бензин қозғалқыштарын қалауыңыз блйынша таңдап ала аласыз. Кузовы 1956 жылы шығарылған, сол кезден бері өзгертілмей әлі келе жатыр. Автокөлік бағасы - 5 мың доллар.
  • Suzuki Mehran

Suzuki-Mehran-Model-2014 Автомобиль Пәкістанда шығарылады. Ол әлемдегі карбюраторлы мотормен және вакуумдық үдеткішсіз тежегіші бар жалғыз автокөлік. Бағасы 5 мың доллар болатын машина ескі техникамен жабдықталғаны болмаса, оның ішінде де ауа салқындатқышы бар.
  • Daewoo Matiz

maxresdefault Бұл көлік баршаға таныс шығар. Ресейлік нарықта ең арзан көліктердің көшін бермей келе жатқанына біраз болды. Ескі көлік болса да, бұған деген сұраныс біршама. Құны - 5 мың долларға дуықтап қалады. Әрине, іші онша емес, аса қауіпсіз деуге де келмейді. Бірақ, корей-өзбек араласқан автокөліктің иесі болып шыға келеріңіз анық.
  • Chery QQ

chery-qq-6 Бұл көлікті шығарушыларды плагиатқа айыптап, тек ішкі нарықта ғана сатылатын болып қалды. Негізі Қытайда жасалады. 68 ат күшіне тең қуаты бар 1,1 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған. Машинаға 5 адам сыяды. 4500 долларға ауа салқындатқыш, аудиоаппаратура мен антеннаны қосып алуға болады.

Похожие материалы