Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оқырмандарымызға Forex нарығы туралы біле жүруі тиіс ақпараттарды ұсынамыз

Оқырмандарымызға Forex нарығы туралы біле жүруі тиіс ақпараттарды  ұсынамыз

Форекс «нарығының» жұмысы туралы толық ақпарат білмей, алданып қалып жатқандар аз емес. Тіпті, кейбір форумдарда осы тақырыпқа байланысты арнайы айдарлар ашылған. Сондықтан оқырмандарымызға арнап, осы нарық туралы қарапайым материал ұсынамыз.

Бұл нарықтың 3 түрі бар:  форекс-трейдинг, биржадағы дербес сауда және форекс бойынша сенімгерлік басқару. Енді мұның әр қайсысына жеке-жеке тоқталсақ.

1.Форекс-трейдинг арқылы сауда жүргізу

Көптеген компаниялар қарапайым адамдарға форекс-трейдингті  ұсынады. Мұнда шотты жарты сағаттың  ішінде ашып береді.  Шотты доллармен банк картасы арқылы немесе кез келген терминалдан  толтыра аласыз.

Форекс-трейдинг — қаржы нарығы емес, ақша тігу арқылы ойнатылатын ойын түрі. Сіз мұнда өзіңіздің форекс-компанияңыздағы бір ойыншыға қарсы ойнайсыз. Ойынның шарты  әлемдік қаржы нарығының шарттарына ұқсас. Сіз курс бағамының немесе тауар бағасының өзгеруіне байланысты болжамдарыңызды ойнатасыз. Егер болжамыңыз сәйкес келсе сіз ұтасыз, болмаса керісінше ұтыласыз.

Форекс-трейдингтің ойын шарты сіздің тез жеңіліп қалуыңызды көздейді. Бірақ кейбір форекс компаниялар ойыншының жеңілгенін күтіп отырмай, белсенді түрде оның жеңілуіне «көместеседі». Яғни сіз бағам жоғарылайды деп болжасаңыз, олар бағамның төмендеуін қолдан ұйымдастырулары мүмкін.

Форекс-компинияның тұтынушылары - ойынның шартын оқуға ерінетін әуесқойлар.  Ал компанияның өзі – сізге қарсы ойнап, өзінің шартын қойып, шотты жүргізіп отыратын  кәсіпқой . Сіздің жеңілісіңіз – компанияның жеңісі.

Forex - алаяқтардың құмар ойыны

Егер сіз жалғыз басты ананың баламен үйде отырып,  форекс арқылы 3000 мың еуро ақша тауып отырған жарнамасын көріп, қызығып кетсеңіз  – ойнап көріңіз. Нарықта 10 жыл тәжірибесі бар форекс компанияны таңдаңыз. Бұл компания сіздің ақшаңызды алып қашып кетпейтініне кепілдік болады. Дегенмен шотқа үлкен көлемді қаражат салмаңыз, бастапқыға 200 доллар жеткілікті. Осыған қарамастан сіз ұтыласыз, бірақ үйренесіз.

2.Биржадағы дербес сауда (Биржадағы сауданы адам өзі жүргізсе)

Биржада саудаласу тек брокерлік компания арқылы жүзеге асырылады.Бұл валюта жұбы, арнайы фьючерстік құралдары бар нағыз қаржылық нарық. Сізде есепшот және брокер болады. Шот бір аптаға ашылады және оны толтыру мен одан ақша алу операциялары  банк арқылы ғана жүзеге асады.

Ойын терминдерімен айтсақ, биржа сізге қарсы ойнамайды, тек ойынның есебін жүргізіп отырады. Брокер – делдал, оған  сіздің ұтқаныңыз тиімді. Брокер мен биржа комиссияға жұмыс істейді. Сондықтан сіз ақшаңыздан айырылып, кетіп қалсаңыз брокер мен биржаның жұмысы тоқтап қалады. Бұл - биржада ақша табу оңай деген түсінік емес, бірақ әділ жолдардың бірі.

3.Forex бойынша сенімгерлік басқару (Ақшаны Форексте көбейтіп беруі үшін біреуге беру)

Форексте сауда арқылы қаражатыңызды көбейтіп беремін деп ұсыныс жасайтын адамдар және компаниялар бар. Ойланатын ештеңесі жоқ бұл – алаяқтық. Олардан аулақ жүргендеріңіз дұрыс.

Сонда не істеу керек?

Қаржы нарығымен биржадағы брокер арқылы танысқан дұрыс. Сауданы валюта жұбы (мысалы, теңге+доллар – ред.) мен фьючерстен емес, құнды қағаздардан бастаған тиімді. Есіңізде болсын, кейін көбейтіп қайтарамын деп инвестиция жасау үшін қарызға ақша алудың қажеті жоқ. Биржадан тыс форекс-трейдинг - қаржылық құрал деп есетегеннен, қалталы адамдарға арналған бәстесу ойыны деп қабылдаған жөн.

Похожие материалы